Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық полицейлер пәтер тонауды әдетке айналдырған ұрыны ұстады

Қызылордалық полицейлер пәтер тонауды әдетке айналдырған ұрыны ұстады

Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық полицейлер пәтер тонауды әдетке айналдырған ұрыны ұстады. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
ПД криминалдық Полиция басқармасының қызметкерлері жедел әрекет етіп, 31 жастағы қала тұрғынын қолға түсірді. 4 наурыз күні үй иесінің жоқтығын пайдаланған ол пластик терезе арқылы үйге еніп, бағалы заттармен бірге аңшы мылтығын алып кеткен. Ұрының ізіне бірден түскен сақшылар алтын жалатылған зергерлік бұйымдар мен мылтықты тауып үлгерді. Оның барлығы айғақ заттар ретінде тәркіленді. Қазір полицейлер күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр. Күдіктінің өзі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Барлық фактілер бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөлігі “Ұрлық” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
10 наурыз 2020 ж. 73 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области