Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Коронавирус: елімізде қандай бұқаралық шаралар өткізілмейді?

Коронавирус: елімізде қандай бұқаралық шаралар өткізілмейді?

Kyzylorda-news.kz. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында қандай бұқаралық іс-шаралар өткізілмейтінін айтып берді.
«Коронавирус инфекциясының қаупіне байланысты тиісті шектеу шаралары күшіне еніп жатыр. Ең бірінші кезекте мерекелік іс-шаралар болмайтын болды. Баспасөз мәслихаттары мен көптеген сайыс ұйымдастырылмайды», - деді Елжан Біртанов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Министрдің айтуына қарағанда, кейбір шаралардың өтпейтіні күні бұрын белгілі болған.
«Әсіресе спорттық және мәдени шаралар. Келешекте тағы бір мемлекет коронавирус қаупі жағынан бірінші санатқа енгізілуі мүмкін. Сол себепті алдын ала ескертеміз. Сапарды кейінге қалдырып, ешқайда шықпаған абзал. Ауруға байланысты жағдай күн сайын өзгеріске ұшырайтындықтан ахуалға күнделікті жаңадан баға беріледі», - деді министр.
Десе де Елжан Біртанов орталық деңгейде қандай да бір шараларды шектеп, қоғамдық орындарды жабу туралы бұйрықтың шықпағанын айтады.
«Әкімдер немесе аймақтардың өзге де жауапты адамдары қандай да бір шараларды қабылдап, жариялайтындай тиісті жоспар баршылық. Өңір-өңірге байланысты эпидемиологиялық ахуал да әртүрлі. Мәселен бір өңірде карантин енгізудің қажеттігі болмаса, екінші өңірде халықаралық әуежай болғандықтан онда тәуекелдер баршылық. Себебі ол жерге күн сайын адамдар келіп-кетіп жатады», - деді спикер.
Министр өз сөзін мысалмен шегелей түсті.
«ҚХР-да көргеніміздей, Хубей провинциясында ғана карантин енгізілді. Бейжіңде белгілі бір шектеулер болды. Қалған қалалар кәдімгі күнделікті тірлігін жалғастыра берді. Оңтүстік Корея мен Италияда да жағдай сол. Бәріне салмақты қараған абзал. Шығын болмастан жасқанудың реті жоқ. Карантинде жатқандардың ішінде спортшылар да, бизнесмендер де, мұғалімдер де бар. Бәріне ереже ортақ», - деді министр.
09 наурыз 2020 ж. 27 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области