Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Әрбір қазақстандыққа шамамен екі төлем карточкасынан келеді

Әрбір қазақстандыққа шамамен екі төлем карточкасынан келеді

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның төлем карточкалары нарығы өсудің оң серпінін көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
2020 жылдың басында Қазақстанның төлем карточкалары нарығында 32,0 млн төлем карточкасы айналыста болды, олардың 57%-ы (18,2 млн) белсенді төлем карточкалары болып табылады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.
Халықтың карточкалық өнімдерге сұранысы, мобильді сервистердің дамуы және банктердің жеңілдігі бар бағдарламалары өсудің негізгі факторлары болып табылады.
«Төлем карточкаларын пайдаланып, тауарлар мен қызметтер үшін ақы төлеу инфрақұрылымының даму процесі жалғасуда. Төлем карточкаларымен ақы қабылдайтын кәсіпкерлер саны да артып келеді», – деді Ұлттық банктің Төлем жүйелерінің департаменті басшысы.
2019 жылдың қорытындысы бойынша 96 428 кәсіпкер 134 484 сауда орнына 161 690 POS-терминал орнатты. 2018 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда кәсіпкерлер (17%), сауда орындары (22%) және POS-терминалдар (27%) санының өсуі байқалады.
08 наурыз 2020 ж. 24 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области