Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған...»

«Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған...»

Kyzylorda-news.kz. «Тілсіз жау – өртті» сөндіру жұмысы ең алдымен өрт сөндіру бөлімінің радиотелефоншысының «101» нөміріне өрт оқиғасы туралы хабарлама қабылдауынан басталады. Қазақстанда бұл қызметке әйелдер жиі келеді. Радиотелефоншы болу үлкен жауапкершілікті талап ететін жұмыс.
«Радиотелефоншы өз қызметінде көптеген нюанстарды меңгере білуі керек. Яғни, өрт сөндіру бөлімінің радиотелефоншысы телефон қоңырауларына ғана жауап бермейді. Сонымен бірге, кезекшілікке келгенде ауысушы әріптестен жедел ақпаратты - жедел жағдайдағы өзгерістер туралы мәліметтерді (жабық өтпе жолдар, жұмыс істемейтін өрт сөндіру гидранттары мен су қоймалары, шығу ауданында жоспарланған жөндеу жұмыстары, егер олар туралы хабарланған болса) білуге тиіс. Жоғары тұрған бөлімшеге саптық хабарлама береді (кезекшілікке ауысуға келген өрт сөндірушілердің саны, қандай жауынгерлік техника есепте тұр, онда қанша өрт сөндіретін заттар - су мен көбік түзуші, бөлімшеде қанша тыныс алу органдарын қорғау құралы бар т.б. Оған қоса қезекшілік кезінде әкімшілік-басқару жұмысын орындауға тура келеді. Күзетілетін объектілерден хабарламаларды қабылдау, оны басшылыққа баяндау, қарауыл (ауысым) бастығының өкімін жеке құрамға жеткізуі қажет»,-дейді радиотелефоншы Роза Аманжолқызы.
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» №4 өрт сөндіру бөлімінің радиотелефоншысы Жұмабаева Роза Аманжолқызы 1981 жылдың 12 маусымында Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1996 жылы Қызылорда қаласындағы №11 мектепті тәмамдады. 2000 жылы Қызылорда қаласындағы №9 кәсіптік-техникалық колледжді бітірген. 2000-жылдан бастап №14 Самал балабақшасында тәрбиеші болып еңбек етті. 2003-2006 жылдар арасында «Сырдария – мұнай компаниясында» бухгалтер болды. 2006 жылы Қызылорда қаласы «Өртке қарсы қызметі» мемлекеттік мекемесінің №6 өрт сөндіру бөліміне радиотелефонист болып жұмысқа орналасты.
Роза Аманжолқызы радиотелефонист болғандықтан кезекшілікте қызмет етеді, яғни 24 сағат бойы өрт сөндіру бөлімінде белгіленген күн тәртібі бойынша еңбек етеді. Әсіресе өрт оқиғасы орын алған кезде оның жұмысы қауырт. Бөлімшенің немесе қарауылдың шақыру орнына шығуына жолдама толтырып, өтініш берушіден бірқатар нюанстарды нақтылау да оның міндеті. Өрт сөндіру командасы қайда баруға тиіс; не жанып тұрғанын анықтау; өтініш берушінің тегі мен телефоны, тағы басқа да ақпараттарды нақтылайды.
1997 жылы тұрмысқа шыққан Роза Аманжолқызы бүгінде №4 өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисі, сонымен қатар қос ұлдың ардақты анасы және тәтті немеренің сүйікті әжесі. Әскери қызмет пен жанұя жарасымдылығын қатар алып келе жатқан Роза Аманжолқызына аналар мерекесі қарсаңында қызметте абырой, отбасына бақыт тілейміз.

Айгүл НҰРМАНОВА,
Қызылорда облысы
Төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
08 наурыз 2020 ж. 35 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области