Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Карантинде 900 адам жатыр, көпшілігі Қазақстан азаматтары

Карантинде 900 адам жатыр, көпшілігі Қазақстан азаматтары

Kyzylorda-news.kz. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус қаупіне байланысты Қазақстанда қабылданып жатқан карантиндік шаралар туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жалпы бізде 992 адам карантинде жатыр. Оның ішінде оқшауланғандар да, үй жағдайында карантинде жатқандар да бар. 2 және 3 санаттар бойынша, яғни тұрғылықты мекенжай тұрғысынан 7515 адам бақылауда. Жалпы 8 мыңға тарта адам Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауына алынған», - деді Елжан Біртанов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Министрдің сөзіне қарағанда, карантинде жатқандардың ішінде көпшілігі Қазақстан азаматтары, шетелдіктер де бар.
«Ауру белгілері бар жағдайда олар ауруханаға жатқызылады. Бүгінге дейін бізде 60 адам ауруханаға жатқан. 18-і кеше шығып кетті. 42-і қалды. Олар зерттеуден, диагностикадан өтуде. Осыған дейін айтқанымдай, Ресей және ҚХР-дан өнеркәсіптік өндірістен шыққан диагностикалық тесттер әкелінген. ДДСҰ-дан да қосымша тесттер жеткізілді. Біз 1014 адамды тексердік. Тесттердің бірде-бірінде коронавирус инфекциясы анықталған жоқ», - деді министр.
05 наурыз 2020 ж. 26 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области