Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Айбарлы офицер – Ақмарал Сермағамбетова

Айбарлы офицер – Ақмарал Сермағамбетова

Kyzylorda-news.kz. Аналар мерекесі әлемге шуағын ала келген көгілдір көктемнің әдемі сәтімен бірге келіп, әрбір адамның жүрегін тербеп, ерекше сезімге бөлейді. Қоғамда, отбасында аналардың орны ерекше. Жаратылысы нәзік болса да, бел қайысар ауқымды жұмыстардың басы-қасында да ер азаматтардың қатарында әйел азаматшаларды байқауға болады. Қазақта «Алып - анадан», «Әйел бір қолымен бесігін, екінші қолымен әлемді тербейді», «Адамның жақсы болуы нағашыдан», «Әйел қырық шырақты», «Ана – өмірдің шуағы» деген секілді теңеулер мен мақалдар өте көп. Қазақ атамыз ананы қадірлеп, әпкені құрметтеп, қарындасқа қамқор болып, жеңгені жақын тартып, келінді тәрбиелеп, қызды үкілеп, ұлағатпен өсіріп, құтты орнына қондыра білген.
Қазіргі таңда еліміздегі мемлекеттік және әскери мекемелерде де ерлермен иық тіресе әскери қызметте абыроймен еңбек етіп жүрген әйел азаматшалар бар. Солардың бірі - азаматтық қорғау майоры Ақмарал Сағитжанқызы Сермағамбетова.
Ақмарал Сағитжанқызы 1972 жылдың 10 маусымында Қарағанды облысы Балқаш ауданы Сары-Шаған станциясында дүниеге келген. Әкесі - Сағитжан Сермағамбетұлы балық өндірісінің білікті жетекшісі қызметтерін атқарған. Анасы - Үршаш Әлібекқызы ателье тігін цехының шебері болған екен. Осындай ата-анадан тәлімді тәрбие алған Ақмарал жанұяда кенжесі және еркесі болса да, алты ағайынды - көп балалы отбасында бала күнінен-ақ елгезек еңбекшіл, тап-тұйнақтай жинақы және қамқоршыл-бауырмал болып өсті.
Ол 1991-1996 жылдары Қызылорда политехникалық институтында білім алып, гидромелиорация саласының инженер-мелиораторы маманы атанды. Сонымен бірге 1999-2001 жылдары Мәскеу экономикалық статистикалық институтын тәмамдап, заңгер біліктілігін иеленді.
Еңбек өтілін өрімдей он жеті жасынан-ақ, яғни - 1989 жылы Қызылорда қаласы санитарлық эпидемиологиялық стансасы дезинфектор болып бастаған. 1991 жылы Қызылорда облысы статистика басқармасының «Электронды есептеу машинасы» операторы, 1998 жылы Қызылорда политехникалық институтының ғылыми қызметкері, 1998 жылы Қызылорда гарнизонының анықтау және іздестіру бөлімінің іс-жүргізушісі, 2005 жылы Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының әкімшілік жұмыс бөлімінің аға инженері, 2006 жылы Қызылорда облысы бойынша Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасы әкімшілік жұмыс, қаржы, талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы, 2008-2019 жылдары Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің кадр жұмысы бөлімінің бастығы, Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бас маманы болды.
«1 сыныпты маман» Ақмарал Сағитжанқызы қазіргі таңда Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бас маманы қызметін абыроймен атқарып жүрген азаматшалардың бірегейі. Оған қоса қоғамдық жұмыстардың белсенді атсалысушысы ретінде құрметке ие, Департаменттегі «Әйелдер кеңесінің» төрайымы.
«Төтенше жағдайлар саласында еңбек жолымды бастаған сәттер - 2005 жылдың 31 тамызында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің тарапынан «Ішкі қызмет лейтенанты» әскери атағын иеленген кездегі, үлкен жауапкершілікті талап ететін әскери форма киген кезім, иыққа погон таққан кездегі толқынысым ерекше есімде»,-дейді азаматтық қорғау майоры Ақмарал Сағитжанқызы әңгімелесу барысында.
Иә, әскери қызметте абырой мен ар-намысты ту етіп көтеріп жүрген Ақмарал әріптесіміз отбасында да өнегелі әулеттің іргесін отағасы – Минутпен бірге қалап отырған, ауызбіршіліктің ұйытқысы бола білген отанасы. Жұбайы - Есенов Минут Ағытайұлы да – ұзақ жылдар бойы табан аудармай ««Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының жетекші маманы болып қызмет еңбек етуде. Ұлы - Дулаты – «Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру бөлімінің басшысы, Ал, Мираты - №23 мектеп-лицейдің 11-сыныптың «үздік оқушысы» және «Алтын белгі» үміткері. Ал, сүт кенжесі, ата-анасының ерке қызы - Адиназы 4-сыныптың «үздік оқушысы», мектептің қоғамдық іс-шараларының тұрақты қатысушысы ретінде мақтанышы.
Жанұяда үш баланың аяулы анасы - Ақмарал Сағитжанқызын «8 наурыз - аналар мерекесімен» құттықтай отырып, шаңырағыңыз шаттыққа кенеле берсін, қызметте абыройлы бола беріңіз деген әріптестік лебізімізді білдіреміз. Лайым елімізде өздеріңіздей өнегелі отбасылар көп болсын!

Айгүл НҰРМАНОВА,
Қызылорда облысы
Төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
05 наурыз 2020 ж. 32 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области