Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мамандар үйді қауіпті вирустан қалай қорғау керек екенін айтты

Мамандар үйді қауіпті вирустан қалай қорғау керек екенін айтты

Kyzylorda-news.kz. Сарапшылар бөлмені дезинфекциялау кезінде үстел, орындық, есік тұтқалары мен тұрмыстық құралдарға ерекше назар аударуға кеңес берді.
Қытай ғалымдарының пікірінше, үйді коронавирустан қорғау үшін қарапайым гигиена ережелерін сақтап, қажетті процедураларды үнемі жасап отыру керек. Бұл туралы Фэнхуан ван порталы жазды.
Сарапшылардың айтуынша, үйдегі үстелдер, орындықтар, есік тұтқалары мен адамдардың күнделікті тұтынатын тұрмыстық құралдарды үнемі дымқылдап сүртіп отыру керек екенін айтты. Сонымен қатар тазарту жұмыстарын күніне екі рет жүргізу қажет екенін ескертті. Ал үйге қонақ келгенше және қонақ кеткеннен кейін үйде тазарту жүргізу керек. Мамандар ол үшін хлор ерітіндісін немесе құрамында спирті бар дезинфекциялық құралдарды қолдануға кеңес береді.
Бұған дейін кеңсені вирустан қалай тазарту керек екендігі туралы жазған болатынбыз. Мамандардың айтуынша, ауа ылғалдандырғыш пен желдеткіш арқылы вирустардан қорғанудың қажеті жоқ.
«Желдеткіш кеңседегі микроорганизмдер мен вирустарды жоюға әсер етпейді. Керісінше, жағдайды нашарлатуы мүмкін. Ультракүлгін лампалары бар ауа тазартқышты немесе бактерицидті лампалары бар ауа рециркуляторын қолдануды ұсынамын», - деді сарапшы. Мамандардың айтуынша, коронавирустан қорғанудың ең жақсы тәсілі – қолды сабынмен үнемі жуып жүру.


07 наурыз 2020 ж. 30 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области