Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Биыл жеңілдетілген автонесие үшін қосымша 20 млрд теңге бөлінеді

Биыл жеңілдетілген автонесие үшін қосымша 20 млрд теңге бөлінеді

Kyzylorda-news.kz. Биыл екінші тоқсанда жеңілдетілген пайызбен автонесие беру үшін қосымша қаржы бөлінеді. Бұл туралы Қазақстан автобизнес қауымдастығының өкілдері хабарлады.
Жеңілдетілген несие Қазақстанда жасалған көліктерге ғана беріледі. Былтыр осы бағдарлама бойынша 17 мыңнан астам отандасымыз жаңа көлік алды. Ал биыл сатылым көлемі көбейеді деген болжам бар.
Жеңілдетілген автонесие үшін қосымша 20 млрд теңге бөлінеді
Биыл жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қосымша 20 миллиард теңге бөлінеді. Оны еліміздегі екінші деңгейлі банктер жүзеге асырады. Несиелеу шарттары өзгермеген. Яғни қарыздың жылдық үстемесі – 4 процент. 7 жылға беріледі. Көлік құны 15 миллион теңгеден аспауы тиіс. Автонесие бағдарламасына Қазақстанда құрастырылған 30 түрлі көлік маркасы кіреді. Олардың арасында жеңіл автокөліктер, кроссоверлер және жол таңдамайтын темір тұлпарлар да бар. Қауымдастық өкілдерінің айтуынша, бағдарлама кез келген адамға қолжетімді. Бірақ несиелеуге бөлінген қаржы өтініш бергендердің барлығын қамтуға жетіпейді. Өйткені бір айда жеңілдетілген несиемен тек 100 көлік сатылуы тиіс болса, сатып алуға ниеттілер саны 3 мыңнан асады. Сондықтан бір жылға бөлінген қаржы бірнеше айдың ішінде толық жаратылып кетеді. Сондай-ақ көлік тасымалдаушылар үшін жеңілдетілген лизинг бағдарламасы жұмыс істейді. Ол бойынша 15 миллиард теңге қосымша транш бөлінеді деген жоспар бар. Еске сала кетейік, аталған бағдарлама елімізде 2015 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. Осы уақыт ішінде 15 мыңға жуық жеңіл автокөлік жеңілдетілген несиемен сатылды.
07 наурыз 2020 ж. 34 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области