Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қылмыстық-атқару саласында қыз-келіншектер ер-азаматтармен қатар еңбек етуде

Қылмыстық-атқару саласында қыз-келіншектер ер-азаматтармен қатар еңбек етуде

Kyzylorda-news.kz. Әнел Қалымбетова – дәрігер де тәрбиеші де емес, темірдей қатаң тәртіпті талап ететін тегеурінді тергеу изоляторында жұмыс істейді.
Жастайынан бойымен бірге ойын да түзеген, есті бойжеткен, заман ағымына қарай заңгер болуды армандады. 2018 жылы Қызылорда қаласындағы Қазақ гуманитарлық коледжінің заң және құқық қорғау мамандығы бойынша бітіріп шықты. Сол жылдың қыркүйек айынан бастап, ЗК-169/1 мекемесіне қатардағы жауынгер болып жұмысқа қабылданды. Мекеме бастығы міндеттеген жұмысты мүмкіндігінше мінсіз атқаруға тырысты. Арнайы есеп бөлімінің орталықтандырылған автоматтандырылған деректер базасына жауапты болды.
2020 жылдан бастап осы мекеменің режим және күзет бөліміне бақылаушы болып ауысты. Әрдайым жауынгерлік әзірлікті талап ететін тәртіпке бағынған кіші сержант, нар тұлғалы, кең иықты жігіттермен иық тірестіре, дене бітімін шынықтырып жүрді. Мектеп кезінен-ақ, денешынықтыру сабағынан белсенді болып, дзюдо, қазақша күрес спорт түрлерімен айналысқан. Осы спорт бойынша, өткізілетін жасөспірімдер арасындағы қалалық, облыстық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болған.
Студент кезінде де, сүйікті спорт түрімен айналысуды жалғастырды. 2015 жылы Талдықорғанда өткен жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирде 1 орынды жеңіп алса, сол жылы Ақтөбе қаласындағы Қазақстан Республикасы чемпионатында 3 орынды иеленді. Осылайша, өз-өзін шыңдай отырып, қатал қызметті, спортпен қатар алып жүрген ЗК-169/1 мекемесінің қаршадай қызы Көкшетауда қаласында болатын ҚАЖ қызметкерлері арасында қоян-қолтық ұрыс түрлерінен өтетін чемпионатқа қатысуға дайындалып жүр. Тілдескеннің тілін тауып, белдескеннің белін сындыратындай өр рухты кіші сержанттың бұл дайындығы жемістіде жеңісті болар деп сенеміз. Тәуелсіз еліміздің таңымен таласа туып, ата-баба дәстүріне берік, қазақы орта Қызылорда жерінен тәлімді тәрбие алып келе жатқан арудың бойында патриоттық сезім де басым.
Әнел Жеткерқызың тұлғалық бейнесінің қалыптасуына әрине бірден-бір себеп, өзі еңбек етіп жүрген құқық саласының да әсері зор. Мекемеде өткізілетін әр түрлі іс-шараларға қатысып, жүргізушілік те қырын танылып келеді. Әрдайым позитивті ойлап, болашағына құлшыныспен қарап, өр мінезімен өмір атты өрді бағындыра алатын бұл жастың өз қатарластарынан оқ бойы озық тұратындығы спорт пен жұмысты қатар алып жүргендігінде екені анық. ҚАЖ саласындағы қазақ қызының еңбегі өнімді болсын деп тілейік.

05 наурыз 2020 ж. 155 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области