Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Олжас Әкімов Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды

Олжас Әкімов Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы Олжас Азатұлы Әкімов ҚР Мәдениет жән спорт министрінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.
Олжас Азатұлы 1980 жылы Қызылорда облысы Төретам кентінде дүниеге келген. Ресей Халықаралық олимпиада университетін "Спорт менеджменті" мамандығы бойынша тәмамдаған.
Сондай-ақ Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінен заңгер мамандығын, "Болашақ" университетін "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.
Кикбоксинг бойынша ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚР спортының құрметті қызметкері, Халықаралық дәрежедегі төреші. Ол 2019 жылы "Ерен еңбегі үшін" мемлекеттік наградасымен марапатталды.
1998-2000 жылдары ҚР Қарулы Күштері қатарында қызмет етті. 2000-2003 жылдар аралығында Байқоңыр қаласындағы №56 орта мектебінде дене шынықтыру мұғалімі, бокстан жаттықтырушы, 2003 жылдан бастап ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің бас маманы болып қызмет атқарды.
2008-20012 жылдары "Инфрқұрылыс" ЖШҚ бас директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары лауазымында болды. Байқоңыр кешеніндегі ҚР Президентінің арнайы өкілдігінің штаттан тыс кеңесшісі, 2013 жылы Астана қаласы әкімдігінің "Астана "Регби клубы" директоры қызметін атқарды.
2013-2014 жылдары Астана қаласы әкімдігінің "Жігер" спорт клубының директоры, мұнан соң ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің штаттық ұлттық командалар және спорт резерві дирекциясының бас жаттықтырушысы болып жұмыс істеді.
2017 жылдың 1 сәуірінен бастап ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің штаттық ұлттық командалар және спорт резерві дирекциясында әмбебап жекпе-жек бойынша аға жаттықтырушы қызметін атқарды.
2017 жылдың тамыз айынан бастап 2020 жылға дейін Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарды.
Бүгінгі таңда Олжас Азатұлы Болгариядағы Васил Левский атындағы Ұлттық спорт академиясында докторлық дәреже бойынша білім алып жатыр.
04 наурыз 2020 ж. 31 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области