Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық оқушылар қолөнер шеберлерінен сабақ алды

Қызылордалық оқушылар қолөнер шеберлерінен сабақ алды

Kyzylorda-news.kz. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында қызылордалық зияткерлер әжелерімен кездесу өткізіп, қазақтың қолөнер – ұлттық мұрасын насихаттауға бағытталған арнайы шеберлік сабақтарына қатысты.
Оқушылардың еңбек ардагерлері мен зейнет жастағы қоғам белсенділерімен кездесу шаралары мектепте үздіксіз ұйымдастырылып отырады. Бұл жолы тағылымы мол басқосуға зияткерлер өздерінің әжелерін шақырып, олар жас ұрпаққа өмірлік жолдарынан тәрбиелік мәні бар әңгімелер айтты. Әңгімелесу барысында қазақ әндерін шырқай отырып, екі буын өкілдері ұршық үйіру, текемет тоқу, киіз басу сияқты қазақ халқының ұлттық өнердің жанғыруына үн қосты.
«Ұршық үйіру ата-бабамыздан қалған ұлттық өнеріміз. Оны әжелеріміз аналарымызға, аналарымыз бізге, ал біз балаларымызға үйретуіміз – ұрпақтар сабақтастығы. Білгенімізді ұрпағымызға үйрету – біздің парызымыз», – деді қатысушы әжей Манат Оразбекова.
«Бұл өте игі бастама. Заманауи технологиялар дамыған заманда ұлттық мұраны жастар арасында насихаттау өте маңызды. Бүгін ұлттық құндылықтар көрініс тапқан және тұрғындарының ауызбіршілігі жарасқан бір үлкен ауыл мерекесіне келгендей әсер алдым», – деді әжей Света Сабырбай.
Шара барысында жас дарындылар әжелеріне ғаламтор жүйесін пайдалануды үйретті. Осы ретте, қатысушылар әлеуметтік желіде «Ұрпақтар сабақтастығы» атты жаңа топ құруды ұсынып, сол жерде нақыл сөздермен және тәрбиелік мәні бар әңгімелермен бөлісуді жоспарлайды.

04 наурыз 2020 ж. 43 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области