Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жемқор қызметкері үшін кім және қандай жағдайда отставкаға кетеді?

Жемқор қызметкері үшін кім және қандай жағдайда отставкаға кетеді?

Kyzylorda-news.kz. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі саяси қызметшілер мен мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының бағынышты қызметшілерінің жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілігі мәселелерін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Орталық мемлекеттік органның басшысы (министрлер, агенттіктердің төрағалары, Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың төрағалары) өзінің орынбасары, өзіне тікелей бағынышты мемлекеттік саяси қызметші, жауапты хатшы, аппарат басшысы не орталық мемлекеттік органның облыстық, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың аумақтық бөлімшесінің басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде отставкаға береді», - деді ҚР МҚІА Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры Ерлан Сапаров.
Оның айтуынша, орталық мемлекеттік орган басшыларының орынбасарлары өзі жетекшілік ететін ведомствоның, дербес құрылымдық бөлімшенің басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде жұмыстан шығуға өтініш беретін болады.
Отставкаға кету туралы міндет өткен жылдың 10 желтоқсанынан кейін сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған қызметкерлердің басшыларына және саяси қызметкерлерге қолданылады. Мемлекеттік саяси қызметшілер, егер олар тағайындалған күннен бастап үш ай өткеннен кейін сыбайлас жемқорлық қылмыс жасалған жағдайда отставкаға кетеді.
Саяси қызметшілер соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін немесе сот әлде қылмыстық қудалау органы қылмыстық істі Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10), 11) 12) және 12) тармақшаларының немесе 36-бабы негізінде қысқартқан соң 10 күнтізбелік күн ішінде отставкаға береді.
Басшылардың жауапкершілігін қарау кезінде көрсетілген шарттардан басқа, қол астындағыларға жасалған сыбайлас жемқорлық қылмысы мен басшының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудың алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамаудағы немесе тиісінше орындамаудағы кінәсі арасында байланыстың болуы да маңызды.
04 наурыз 2020 ж. 35 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области