Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Медициналық маска тапшылығы: Бір адамға 10 маска ғана сатылуы мүмкін

Медициналық маска тапшылығы: Бір адамға 10 маска ғана сатылуы мүмкін

Kyzylorda-news.kz.Қазақстанда бір адамға 10 данадан артық медициналық маска сатылмауы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы ҚР ДСМ «Дəрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының» бас директоры Арнұр Нұртаев айтып берді.
«Коронавируске байланысты дүрлігу салдарынан дәріханалық ұйымдар қауымдастығымен бірлесіп, бір адамға 10 дана маска ғана сатуды ұсынамыз. Бұл адамдардың мыңдаған, он мыңдаған маска алуына жол бермеу үшін жасалуда. Кей адамдар дәріханадан мүмкіндігінше мың дана маска алған. Денсаулық сақтау министрлігі көп маска сатуға тыйым сала алмайды. Біз тек дәріханалар желісіне ұсыным жасай аламыз. Олар да дүрлігу мәселесін шешуге тырысып жатыр», - деді Арнұр Нұртаев.
Бұған дейін Арнұр Нұртаев елімізде 1 млн дана медициналық маска қалғанын және сұраныстың 30 млн данаға дейін өскенін айтқан еді.
Оның айтуынша, отандық медициналық бетперде өндірушілер бір айда 6 миллионнан астам немесе күніне 180-200 мыңға жуық маска шығарады. Бұл бұйымдар ең алдымен мемлекеттік медициналық мекемелерге жіберіледі.
Сонымен бірге, ведомствоаралық комиссия отандық кәсіпорындар өндірген маскаларды ел аумағынан шығаруға тыйым салған. Бұл тыйым әлі де өз күшінде.
04 наурыз 2020 ж. 27 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области