Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Тұман, жел, көктайғақ: 4 наурызға арналған ауа райы болжамы

Тұман, жел, көктайғақ: 4 наурызға арналған ауа райы болжамы

Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер 4 наурызда Қазақстан аумағында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де антициклон ықпалында, осыған байланысты күн ашық болады. Тек еліміздің солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс және батыс аймақтарында циклон әсерінен жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Шығыста кей жерлерде қалың қар жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, республиканың шығысы мен солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын көтеріледі.
Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Шығыс Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде жел қарқыны - 15-20 м/с.
Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, түнде және таңертең Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Қостанай, Қарағанды, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Ақтөбе облысында күндіз көктайғақ болады.
04 наурыз 2020 ж. 63 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области