Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 4 наурыз: Ел тарихында орын алған оқиғалар

4 наурыз: Ел тарихында орын алған оқиғалар

1997 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен және ҚР Үкіметі қаулысымен Мұнай және газ өнеркәсібі министрлігі базасында «Қазақойл» Ұлттық мұнай-газ компаниясы құрылды. Мұнай-газ кешенін басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында 2002 жылғы ақпанның 20-ында «Қазақойл» Ұлттық мұнай компаниясы мен «Мұнай және газ көлігі» Ұлттық компаниясы қосылып, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы құрылды.

1999 жылы Алматы көшелерінің біріне Қазақстанның халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтің есімі беріліп, ол тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.

2010 жылы Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы елшілігі жанынан Корея мәдениет орталығы салтанатты түрде ашылды.

2014 жылы ҚР Ұлттық банкінің «Қазақстанның игілігі» сериясынан «Байқоңыр» күміс монетасы 2012 жылғы соғылған үздік монета ретінде Виченца (Италия) қаласында өткен «Vicenza Numismatica-2014» монета өнімдері халықаралық байқауының нәтижесі бойынша екінші жүлдені иеленді.
Бұл монетада ғарыш пен «Байқоңыр» ғарыш айлағын зерттеудегі маңызды жетістіктер бейнеленген.

2014 жылы ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы алғаш рет ишарамен сөйлеу тілінде берілді.
Қазақстанның құлағы нашар еститін азаматтарына Президент Жолдауының негізгі бағыттарын жеткізу үшін мүмкіндігі шектеулі адамдарға арнайы видеожоба әзірленіп, Strategy2050.kz. сайтына орналастырылды. Видео хронометражы - 1 сағат 9 минут.

2016 жылы ҚР Ұлттық банкі айналымға 100 теңгелік «Магиялық символдар» сериясымен «proof» кәдесыйлық күміс монетасын шығарды
04 наурыз 2020 ж. 58 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области