Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда базарындағы дүңгіршектер өртенді

Қызылорда базарындағы дүңгіршектер өртенді

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы «Айтбек» және «Отырар» сауда орталықтарының жанында орналасқан бірнеше дүңгіршек отқа оранды.
Бұл дүңгіршекте тез дайындалатын тағамдар мен жемістер сатылған және нан қоймасы болған.
«112» нөміріне хабарлама түскен бойда өрт сөндірушілер шұғыл әрекет етіп, дүңгіршек жанындағы қос сауда орталығын қызыл жалыннан аман алып қалды. Тілсіз жауды ауыздықтауға 30 құтқарушы мен 9 техника жұмылдырылған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталуда.
«Өрт сынақ зертханалары қазіргі таңда жұмыс жасауда қызметкерлері. Алдын ала электр сымдарының қысқаша тұйықталуы деп ойлап отырмыз. Мамандардың қорытындыларымен нақты ақпарат берілетін болады», - дейді авариялық құтқару жұмыстары және өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары Әбділда Баякеев.
03 наурыз 2020 ж. 46 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области