Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада тоғызқұмалақтан ашық Азия кубогы басталды

Қызылордада тоғызқұмалақтан ашық Азия кубогы басталды

Kyzylorda-news.kz. Бүгін А.Тоқмағамбетов атындағы мəдениет үйінде мемлекет жəне қоғам қайраткері Нəлқожа Ергешбаевты еске алуға арналған тоғызқұмалақтан ашық Азия кубогының салтанатты ашылуы өтті.
Оған қала əкімі Нұрлыбек Нəлібаев, Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті Мақсат Шотаев жəне облыстық тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әбдіқадыр Ергешбаев қатысып, командаларға сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, Моңғолия мемлекетінің тоғызқұмалақ қауымдастығының басшысы Долдай Ербол "Құрмет орденін" облыстық тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әбдіқадыр Ергешбаевқа табыстады.
Дүбірлі бәсекеде Ауғанстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Түркия, Ресей, Моңғолия және Қазақстанның әр өңірінен 262 тоғызқұмалақшы шеберлік байқасуда.
Классика мен блиц бойынша 9 турда, 17 жасқа дейінгі жастар және одан жоғары жастағы ерлер мен əйелдер арасында 4 топта өткізіледі.
Жарысқа 2 ҚР еңбек сіңірген спортшысы, 14 халықаралық дəрежедегі спорт шебері, 25 спорт шебері, 135 спорт шеберіне үміткерлер қатысуда.
"Нұрсəт" теннис орталығында өтіп жатқан жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлердің есімдері 6 наурыз күні белгілі болады.
02 наурыз 2020 ж. 41 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области