Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қ.Ысқақов: Атаулы әлеуметтік көмекті тек мұқтаж отбасылар ғана алуы тиіс

Қ.Ысқақов: Атаулы әлеуметтік көмекті тек мұқтаж отбасылар ғана алуы тиіс

Kyzylorda-news.kz. Бүгін облыс әкімі Қ.Ысқақовтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Күн тәртібінде білім саласындағы жаңа басқару жүйесі мен атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және облыс аумағында еңбек қауіпсіздігі мен еңбек қорғау талаптарының сақталу жайы қаралды. Сонымен қатар, 2020 жылға арналған халық санағын өткізуге дайындық жұмыстары туралы айтылды.
Білім саласындағы жаңа басқару жүйесі туралы облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бағдат Бердәулетов баяндама жасады. Оның айтуынша жаңа басқару жүйесі екі кезеңде жүзеге асырылмақ.
Енді аудан, қала әкімдіктеріндегі білім беру саласындағы функциялар облыстық денгейге берілмек. Осыған сәйкес, "Білім туралы" Заңның 6-бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде және 2021 жылғы қаңтардан бастап білім саласын қаржыландыру облыстық жергілікті атқарушы органдардың құзіретіне беріледі. Бюджет әкімшісі облыстық білім басқармасы болатындығын айтты.
Сондай-ақ, аппарат мәжілісінде "Педагог мәртебесі туралы" Заңына сәйкес 2020 жылдан бастап педагог және оларға теңестірілген қызметкерлердің еңбекақысы 25% педагогикалық шеберлігі үшін лауазымдық жалақыдан 30 бен 50 пайыз аралығында жаңа қосымша ақы төленіп, одан бөлек балабақшалардағы педагог қызметкерлердің еңбек демалысы кезеңі 42 күннен 56 күнге ұзартылғанын және орта білім беру ұйымдарының педагогтерінің тәлімгерлігі үшін 17 мың теңге көлемінде қосымша, магистрлік дәрежесі үшін 26,5 мың теңге қосымша ақы, сынып жетекшілігі мен дәптер тексергені үшін 2 есеге көтерілсе, біліктілік санаты үшін мектеп директорлары мен орынбасарларының жалақысын арттыру, "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" құрметті атағы үшін 265,1 мың теңге көлемінде 1 жолғы сыйақы төлеу қарастырылғаны туралы айтылды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев баяндама жасады. 2020 жылға жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге бюджеттен 7,9 млрд.теңге 1- жастан 6 жасқа дейінгі балаларға кепілді әлеуметтік топтамаларға – 1,3 млрд.теңге қаражат қаралған.
"1 қаңтардан бастап АӘК алатын еңбекке жарамды адамдарды жұмысқа ұсыну үшін 4164 жұмыспен қамтудың белсенді шаралары жоспарланған, оның 926 тұрақты жұмыс орындары. Бүгінгі күнге АӘК алушылар қатарындағы еңбекке жарамды 11177 адамның 1652-і жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылып, 39,8 пайызы немесе 657 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Алайда, Қазалы, Жалағаш, Сырдария аудандары мен Байқоңыр қаласында бірде-бір адам тұрақты жұмыспен қамтылмаған",-деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев.
"Атаулы әлеуметтік көмекті тек мұқтаж отбасылар ғана алуы тиіс. Облыс бойынша 2 айда атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы еңбекке жарамды адамның тек 39,8 пайызы тұрақты жұмысқа орналастырылған.Ең төменгі көрсеткіш Қазалы, Жалағаш, Сырдария аудандарында. Қазалы ауданында атаулы әлеуметтік көмек алатын еңбекке жарамды адамдардың небәрі 4,9 пайызы ғана жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылған. Қазалы ауданы әкімдігі бұл мәселені қатаң бақылауға алсын.Сонымен қатар, биылғы жылы өткізіліетін санаққа байланысты, Қызылорда қаласы және аудан әкімдері 2020 жылдың 1 сәуіріне дейін көшелердің атауларын, кварталдардың, үйлердің және пәтерлердің нөмірлерін ретке келтіру жұмыстарын аяқтап және шаруашылық кітабындағы есепке алу деректері бойынша нақтылау жұмыстарын жүргізсін" , деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.
Мұнан кейін, облыс аумағында 2019 жылдың қорытындысымен ҚР еңбек заңнамасының, еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау талаптарының сақталу жайы туралы облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасы басшысы Ертілеу Жалғасбаев баяндама жасады. 2019 жылы облыс аумағында әлеуметтік-еңбек даулары орын алмаған, бұл саладағы ахуал тұрақты.Басқармамен жұмыскерлерге жалақы қарызының төлеу мәселесіне ерекше назар аударылған. Нәтижесінде 23 кәсіпкерлік субъектілерінің 3488 жұмыскерлеріне 229,3 млн. теңге жалақы қарызы төленген.
2020 жылғы халық санағын өткізуге дайындық жұмыстары туралы облыстық статистика департаментінің басшысы Мариям Баекеева баяндама жасады. 2020 жылға жүргізілетін санақ I- кезең 1-30 маусым аралығында тұрғын жайларды нақтылау бойынша өткізіледі. Аралау нәтижесі бойынша санақ учаскелеріне бөлінеді. Ал, II-кезең 1-30 қазан аралығында тұрғындарды жаппай халық санағынан өткізу жұмыстары жүргізіледі.
Аймақ басшысы күн тәртібінде қаралған мәселелерге қатысты сала басшыларына нақты тапсырмаларды жүктеді.

02 наурыз 2020 ж. 32 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области