Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда: Әлеуметтік нысандардың 98,1 пайызы мүгедектерге бейімделген

Қызылорда: Әлеуметтік нысандардың 98,1 пайызы мүгедектерге бейімделген

Kyzylorda-news.kz. Қазақстандағы әлеуметтік және көлік инфрақұрылымының 34,3 мың нысанының 96,6 пайызы мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді орта құру мақсатында бейімделді. Бұл жайында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 34 301 нысанның (мектептер, ауруханалар, кітапханалар, мәдениет үйлері, теміржол және автовокзалдар, әуежайлар және т.б.) жалпы санынан жергілікті атқарушы органдар 33 642 нысанға паспорттау жүргізді. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін қолжетімді орта жағдайларының сақталуын, яғни пандустарды, дыбыстық/визуалды/акустикалық/сезгіш құрылғыларды, ақпараттық белгілерді орнатуды, тұрақ үшін орындар бөлуді және тағы басқаларымен қамтамасыз ету үшін паспорттау жүргізілді. Мұндағы мақсат әрбір қазақстандық өзінің денсаулығына қарамастан, осы нысандарға кіре алуы керек», - деп атап өтеді Еңбек министрлігінен.
Ведомство мәліметінше, паспортталған 24 452 нысан мүгедектерге бейімделуі қажет. Қазіргі уақытта 23 314 нысан бейімделді. Осылайша, паспортталған нысанның жалпы санының 96,6 пайызы мүгедектерге бейімделіп отыр.
«Нысандарды 100 пайыз бейімдеу Алматы қаласында, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында жүзеге асырылды. Батыс Қазақстан облысында – 99,4, Атырау облысында – 98,6, Ақтөбе облысында – 98,5, Қызылорда облысында – 98,1, Маңғыстау облысында – 97,3, Шымкент қаласында – 96,1, Павлодар облысында – 96, Нұр-Сұлтан қаласында - 95,4, Түркістан және Қостанай облыстарында – 95, Жамбыл облысында – 94, Алматы облысында – 92,2, Ақмола облысында – 83,3 пайыз бейімделген», - деді министрліктен.
02 наурыз 2020 ж. 35 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области