Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 29 ақпан: Атаулы күндер мен оқиғалар

29 ақпан: Атаулы күндер мен оқиғалар

29 ақпан - Кібісе күні. Яғни төрт жылда бір келетін, 366 күнге созылатын жыл. Кібісе жылының пайда болуы ежелгі Мысырдан бастау алған. Осы елдің ғалымы Сотис сонау жылдардың өзінде «Сүмбіле» ең жарық жұлдызын біраз уақыт зерттеген. Оның таңертеңгілік оңтүстік көкжиектен көрінуінен бастап, әр жылдың 365 күннен тұратынын анықтаған. Ал Сотистің Сүмбіле жұлдызын зерттеуі көктем кезінде ағыл-тегіл таситын Ніл өзені суының шаруалардың үлкен еңбекпен еккен егістік алқаптарын шайып кетуіне байланысты болды. Осылайша, жұлдыздардың жай-күйін терең зерттеген египеттік ғалымдар күндерді жаңылмай санай отырып, халыққа Сүмбіленің туатын мезгілін дер кезінде ескертіп жүрді. Осындай санақтың нәтижесінде өзіміз бүгінгі күні қолданылып жүрген күнтізбе пайда болды. Сөйтіп, ғалымдар күн мен түннің теңелу уақытының арасын жыл деп атады. Жылдың төрт мезгілін аңғарып, бір жылды жылдың мезгілдеріне сәйкес төртке бөлді. Бұған қоса, ғалымдар өздерінің зерттеуінде әр үш жылдың 365 күнге аяқталып, ал әрбір төртінші жылдың күн саны алдағы үш жылда бір күннің артық қалуы салдарынан 366 күнге толатынын дәлме-дәл есептеп шығарды. Міне, осыдан келіп, славьяндар «високосный», ал мұсылман елдері «Кібісе жыл» деп атайтын жыл пайда болды. Ал үш жылда бір рет қайталанып келетін басы артық бір күн ақпан айының үлесіне тиді. Осылай Кібісе жылы пайда болды.

1992 жылы Ташкент қаласындағы Халықтар достығы сарайында Қазақстан мен Өзбекстан ақындарының айтысы өтті. Айтыстың бас жүлдесі Қазақстан ақыны Әсия Беркеноваға берілді.

2012 жылы Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңестің отырысы болып өтті. Отырыс барысында Ұлттық қорды одан әрі дамытудың және басқару тиімділігін арттырудың өзекті мәселелері талқыланды.
29 ақпан 2020 ж. 34 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области