Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Министр ел азаматтарына Оңтүстік Кореяға бармауға кеңес берді

Министр ел азаматтарына Оңтүстік Кореяға бармауға кеңес берді

Kyzylorda-news.kz. ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ел азаматтарына Оңтүстік Кореяға бармауға кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біз Оңтүстік Кореядағы ахуалды жіті қадағалап отырмыз. Өткен тәуліктің ішінде одан арғы күнге қарағанда өсім қарқыны шамамен 48 пайызды құрады. Бұл өте жоғары қарқын саналады. Өкінішке орай, арту тенденциясы байқалады. Қытайда өсімнің ең жоғары қарқыны тәулігіне 65-70 пайыз болған еді. Сондықтан егер жағдай күрделеніп, пациенттер саны мен өсім қарқыны қауіп төндіретіндей болса, онда біз батыл шаралар қабылдаймыз. Бүгінгі күнгі мәселе қайтып келгендерді карантинге жатқызу болып отыр. Шекараны жаппағанмен 1 наурыздан тасымал санын қысқартамыз. Мүмкіндігінше ол жаққа бармауға кеңес береміз. Өйткені, олардың барлығын кейін алып келуге тура келеді. Қазіргі уақытта қанша азаматымыздың елге оралғысы келетіндігі туралы мәселені талқылап жатырмыз. Әзірше Кореяда қауіп деңгейі айтарлықтай жоғары емес», - деді министр.
Оның дерегінше, бүгінде Оңтүстік Кореяда 30 мың Қазақстан азаматы жүр.
«Айталық, олардың 25 мың елге оралғысы келеді. Ал бұл өте үлкен мөлшер. Бізде жұқпалы аурулар ауруханаларында резервтік орындардың саны шамамен 7 мың ғана. Бұған қоса, шамамен 3,5 мың медициналық ұйымды карантинге айналдыра аламыз», - деді Елжан Біртанов.
Министрдің айтуынша, бұл орындар да жетпей жатса, онда шетелден келген азаматтар оқшауланады. Оқшуланған адамдарға қолайлы тұрмыстық жағдай жасалады.
«Бұл бас бостандығынан айыру емес, тек карантин ғана. Айрықша жайттарда қабылданатын шара. Біздің ойымызша, көп жағдайда үй карантинінің өзі де жеткілікті болады. Өйткені, 14 күннен кейін біз оның ауырғанын не ауырмағанын біле аламыз. 14 күн күннен кейін ауру жұқтырмағанына, қауіптің жоқтығына көз жеткізгеннен соң карантинды жалғастыру қажет болмайды», - деді ол.
27 ақпан 2020 ж. 89 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области