Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сәрсенбіде ауа райы қандай болады

Сәрсенбіде ауа райы қандай болады

Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер 26 ақпан күні ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Қазгидромет.
«Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын, солтүстік, солтүстік-батыс, оңтүстік және орталықтың кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Тек шығыс пен оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, көктайғақ, жаяу бұрқасын, күндіз оңтүстікте найзағай күтіледі», делінген болжамда.
Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Түркістан облысында күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі, басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Атырау облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күшейеді.
Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Ақмола облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, Ақтөбе, Қарағанды, күндіз Павлодар, Ақмола облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, Шығыс Қазақстан, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түсуі ықтимал.
Маңғыстау, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді, Батыс Қазақстан облысында - тұман, көктайғақ күтіледі.
Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман күтіледі, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді.
26 ақпан 2020 ж. 77 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области