Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда туберкулезбен күрес айлығы басталды

Қазақстанда туберкулезбен күрес айлығы басталды

Kyzylorda-news.kz. Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған айлық 24 наурызға дейін жалғасады. Бұл туралы Ұлттық фтизопульмонология орталығының директоры Мәлік Әденов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Әлемдік деңгейде аталып өтетін айлықтың маңызы зор. Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күнінің ұраны – «Туберкулезге қарсы күресте сенің де өз үлесіңді қосатын уақытың келді».
«Осы акцияның аясында емханаларда ашық есік күні өтеді. Әр азамат тұрғылықты мекенжайы бойынша соған барып, тексеріле алады. Оның барлығы тегін. 24 наурыз - Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні. Осының аясында туберкулез ауруының алдын алу және басқа да мәселелер бойынша мәліметтер беріп отырамыз», – дейді ол.
Айлық аясында фтизиатр, фтизиопедиатрлардың тегін кеңестері, тұрғындарды флюорографиялық тексерістен өткізу сияқты ауқымды акциялар жоспарланған.
24 ақпан 2020 ж. 75 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области