Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сырдарияда волонтер жылының ашылу салтанаты өтті

Сырдарияда волонтер жылының ашылу салтанаты өтті

Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданында Волонтер жылының ашылуына орай «Ерікті елдің ұрпақтары» атты салтанатты жиын өтті.Оған аудан әкімі Руслан Рүстемов, облыстық жастар саясаты мәселері басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов, кент және ауылдық округі әкімдері, дербес бөлім басшылары мен аудан жастары, БАҚ өкілдері қатысты.
Салтанатты жиында аудан басшысы Р.Рүстемов құттықтау сөз сөйлеп, жастар мәслихатының депутаттарына куәлік табыс етті. Өз кезегінде сөз алған облыстық жастар саясаты мәселері басқармасының басшысы Қ.Жанұзақов ауданда Волонтер жылының ашылуымен құттықтап, белсенді жастарға сәттілік тіледі.
Жиын барысында белсенді жастар "Birgemiz" тұжырымдамасының 7 - Жалпыұлттық жобасы бойынша өз жетістіктерімен бөлісіп, алдағы мақсат-міндеттерін таныстырып өтті.
Жалпы, бүгінде ауданда "Birgemiz" тұжырымдамасының Жалпыұлттық жобасы аясында жастармен бірлесе отырып, түрлі шаралар өткізілуде.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Р.Рүстемұлы кент және ауылдық округі әкімдері мен тиісті сала басшыларына және Жастар ресурстық орталығына Сырдария ауданында Волонтер жылын өткізуге байланысты бірқатар нақты тапсырмаларды жүктеді.

24 ақпан 2020 ж. 80 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области