Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысы әкімінің халық алдындағы есепті кездесуі басталды

Қызылорда облысы әкімінің халық алдындағы есепті кездесуі басталды

Kyzylorda-news.kz. Н. Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақовтың облыстың 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы тұрғындар алдындағы есепті кездесуі басталды.Аймақ басшысы тұрғындармен кездесуінде облыс әкімі ретіндегі алғаш рет есеп бергелі тұрғандығын ерекше атап өтті.
«Бүгін облыс әкімі ретінде Сіздердің алдарыңызда алғаш рет есеп бергелі отырмын. Өткен жыл еліміз үшін толағай табыстарға, тарихи оқиғаларға толы болғанын жақсы білесіздер. Тәуелсіз еліміздің негізін қалаушы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз өкілеттігін тоқтатты. Маусым айында өткен бәсекелі сайлауда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жеңіске жетті.
Мамыр айында Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысына жасаған алғашқы жұмыс сапарында Сыр өңірінде атқарылып жатқан істерге өз ризашылығын білдіріп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму динамикасына оң бағасын беріп кеткені белгілі.
Өздеріңіз білетіндей, жыл басында өткен жылдың қорытындысын шығарып, алда атқарылар жұмыстардың жоспарымен таныстырып, есеп беру әкімдердің міндетіне айналды. Тірліктің күші бірлікте екенін тағы бір дәлелдеп, 2019 жылды табысты аяқтадық», – деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.
19 ақпан 2020 ж. 88 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области