Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Көпбалалы аналардың пойыз билетін арзанға алуына жеңілдік беретін карта жасалады

Көпбалалы аналардың пойыз билетін арзанға алуына жеңілдік беретін карта жасалады

Kyzylorda-news.kz. Елімізде көпбалалы аналарға арналған теміржол жеңілдік картасы әзірленеді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Өткен жылы жолаушы вагондары паркін жаңарту және билет жетіспеушілігін жою мақсатында Маңғыстау-Алматы, Нұр-Сұлтан-Атырау, Нұр-Сұлтан-Сарыағаш, Алматы-Атырау, Маңғыстау-Алматы және Нұр-Сұлтан-Сарыағаш бағыттарына 109 вагон сатып алынды», - дейді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев.
Ол 2019 жылы жолаушылар құжаттары толық электронды жүйеге көшкенін атап өтті.
«Мүмкіндігі шектеулі жандарға 50% жеңілдігі бар тарифтер ұсынылды. Болашақта бұл бағыттағы жұмыс жалғасын тауып, көпбалалы аналарға арналған жеңілдік картасы жасалады», - дейді ол.
Ол «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында вагондар паркін жаңарту жұмысы жалғасын табатынын айтты.
«2025 жылға дейін 600 жолаушы вагонын алу жоспарланған», - дейді вице-министр.

19 ақпан 2020 ж. 77 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области