Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалықтар Абай музейін тамашалай алады

Қызылордалықтар Абай музейін тамашалай алады

Kyzylorda-news.kz. Тұңғыш рет Қызылордада облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты жылжымалы көрмесі өтеді.Мәдени шараның мақсаты Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай хәкім Абайдың бай мұрасын насихаттау, облыс жұртшылығына таныстыру.
Сыр халқы көрмеден Ұлы тұлғаның өмірі мен шығармашығлығына қатысты тарихи құжаттармен, архивтік деректермен, құнды қолжазбаларымен, Абайдың әкесі туралы жазған өлеңдерінің үзінділерімен, Абай оқыған Семей қаласындағы Ахмет Риза медресесі туралы деректермен, ақынның тұрмыста қолданған заттарымен таныса алады.
Көрменің ашылуы 2020 жылғы 21 ақпан күні сағат 11.00-де С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында болады.
Айта кетейік, көрме 1 наурызға дейін жалғасады.
18 ақпан 2020 ж. 107 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области