Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жалағаш ауданында биыл 10 жоба жұмысын бастайды

Жалағаш ауданында биыл 10 жоба жұмысын бастайды

Kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданында былтыр жалпы құны 681,4 млн теңгені құрайтын 13 жоба пайдалануға берілген болатын. 13 жоба қолға алынғалы Жалағашта 89 жаңа жұмыс орны ашылды.Игі бастама биыл да жалғасын табуда. Яғни осы жылы жалпы құны 1 млрд 100 млн теңгені құрайтын 10 жаңа жоба Жалағашта жұмысын бастайды. Кәсіпорындар іске қосылған жағдайда 52 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Биыл іске қосылатын саладағы нысандардың қатарында Т.Жұмабекқызының мал бордақылау және ет өңдеу цехы, «Сыздық» ШҚ-ның тәулігіне 60 тонна күріш ақтау және жем өндіру цехы, «АГРОХИМСЕРВИС-С» ЖШС-ның тыңайтқыштар және құрамында азот бар құрамаларды өндіру зауыты, «Бағдәулет-57» ШҚ-ның жол бойы кешені, Т.Жұмабекқызының күйдірілген қыш өндіру зауыты, «Ер-Әлі» ШҚ-ның күріш тазалау цехы бар. Жарқын жобалардың кәсіпкер үшін және аудан әлеуетіне қосар үлесі жайында алдағы нөмірлерде жазатын боламыз.
Ауданда өңдеу өнеркәсібін дамыту мақсатында облыстық ХІ «Baikonyr Invest» инвестициялық форумы аясында жалпы құны 515 млн теңгені құрайтын жеке кәсіпкер Т.Жұмабекқызының мал бордақылау және ет өңдеу цехы мен «АГРОХИМСЕРВИС-С» ЖШС-ның тыңайтқыштар және құрамында азот бар құрамаларды өндіру зауытын іске асыру үшін меморандумға қол қойылды. Аталған жобалар осы жылы жұмысын бастайды.
Жалпы Жалағашта кәсіпкерлік саласын дамыту бағытындағы жұмыстар жемісін беруде. Алдағы жылы да қарқынды қолдау жалғасын табады деп үміттенеміз. Бұрынғыдай емес, қазір ауылдық елді мекендерде де мал шаруашылығын қолға алып, жұмысының жемісін көріп отырған кәсіпкерлердің қатары артқан. Бұл бір жағынан бастысы ниет болса, қолға алған жобаңды дамытуға барлық мүм¬кіндік қарастырылғанын аңғартады.
18 ақпан 2020 ж. 69 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области