Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қыз тәрбиесінде қандай қателік жіберуге болмайды

Қыз тәрбиесінде қандай қателік жіберуге болмайды

Kyzylorda-news.kz. Қыздар ер баладан тек сыртқы тұлғасымен ғана ерекшеленбейді. Олардың тәрбиесінде де ұлдарға қарағанда ескеретін өзгешеліктер көп.Қыз баланы ұруға болмайды
Негізі ұл болсын, қыз болсын, баланы ұрып тәрбиелеу дұрыс емес. Алайда көптеген ата-аналар баласы бұзықтық жасап, тіл алмаған кезде шапалақпен тартып жіберуді құп көреді.
Қыз баласына жеңіл болса да шапалақ жегізуге болмайды. Өйткені, ол болашақ ана, ұрпақ жалғастырушы, бір үйдің отанасы.
Нәзік жандылардың еті шапалаққа үйренбеуі керек. Өйткені таяққа үйренген бала тұрмысқа шыққан кезде күйеуінің тепкісін дұрыс деп қабылдауы мүмкін. Балаға қол көтермей, нұқымай-ақ көп нәрсені сөзбен түсіндіруге болады.
Бойындағы өзімшілдік қасиетін басып тастауға болмайды
Эгоизм - адам психикасының сау жағдайы. Әрбір бала өзімшіл және бұл қалыпты жағдай саналады. Адам ең алдымен өзіне қамқорлық жасауы керек.
Негізі қыздарға қарағанда ұл балаларға көп еркіндік беріледі, ал қыздар қатаң бақылауда болады. Осылайша қыздар өсе келе жасқаншақ, жасық болып қалады.
Бала қай жаста болмасын оның күніне 1 сағат өзімен-өзі өткізетін, өзінің қалауын жасай алтын жеке уақыты болуы керек.
Мектеп жасындағы балаларда бұл уақыт кемі екі сағатқа созылғаны дұрыс. Сол уақыт ішінде қызыңыз айна алдынан шықпай немесе музыка тыңдаса да ештеңе деп жекімеу керек.
Қыз баласына уақытынан ерте есеюге жол бермеген дұрыс
Әрбір бала барлық балалық даму кезеңдерін біртіндеп бастан өткеруі керек. Бұл - табиғат заңы. Бірақ ұл балаларға қарағанда қыздар ерте жетіледі. Олар ересек өмірді көбірек аңсайды.
Кішкентай кезден-ақ анасының біз өкшелі туфлиін, көйлегін киіп сәнденуге құмартады. Сондықтан осындай кезеңде әрбір ата-ана қызына барлығының уақытымен болатынын айтып отыруы керек.

18 ақпан 2020 ж. 80 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области