Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Байқоңырда көпқабатты тағы 5 тұрғын үй салынады

Байқоңырда көпқабатты тағы 5 тұрғын үй салынады

Kyzylorda-news.kz. Бұл туралы бүгін Кызылорда облысының әкімі Қ.Ысқақов облыстық Қоғамдық кеңес алдындағы есебінде мәлімдеді.Байқоңыр қаласында тұрып жатқан азаматтардын әлеуметтік-экономикалық жағдайы ерекше назарда. Соңғы 30 жылда алғаш рет «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2019 жылы 50 пәтерлік 5 үй берілді, тағы да 5 үйдің құрылысын бастау жөнінде шешім қабылданды. Жаңа пәтерлерге Ақай, Төретам елді-мекендерінің де тұрғындарын орналастыруды жоспарлануда. 2019 жылдың қазан айында қаланың барлық көппәтерлі үйлерін (20427 пәтер) табиғи газға(газ төлемі 16 есеге арзандады) көшіру аяқталды, бұл өз кезегінде қаланың әлеуметтік ахуалына оң әсерін тигізуде.
"Алдымыздағы 3 жылда қаланың су және кәріз желілерін жаңғырту және қайта құру бойынша жұмыстар жүргізіледі. Жылу тарифтерін төмендету мақсатында Байқоңыр кешені бойынша Қазақстан-Ресей Үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысына Байқоңыр қаласының жылу жүйесін дамыту мәселесін қарау туралы ұсынысты енгізуді жоспарлап отырмыз",- деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.
13 ақпан 2020 ж. 108 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области