Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 14 ақпанға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Бүгінгі тапсырмалар бар күшіңізді сарқып алады. Өз уақытыңызды өзіңіз жоғалтасыз. Пайдасыз шаруалармен айналысып, бос әңгімелермен уақытыңызды өткізесіз.

Торпақ
Таңертеңнен бастап маңызды шаруаларды қолға алыңыз. Түске дейінгі уақыт барлық жұмысты бітіруге қолайлы болады. Сонымен қатар қиын тапсырмаларды да орындай аласыз.

Егіздер
Бірлескен жұмыстарға қатысты мәселені шешу, серіктестермен мәмілеге келу қиын болады. Өзгеге сенбей, өз бетіңізше әрекет ететін боласыз. Түстен кейінгі уақытта отбасыңызға арнайсыз.

Шаян
Өз-өзіңізге сенімсізсіз, ойыңыз бір-бірімен қарама-қайшы болады. Сондықтан біраз проблемалар туындайды. Бүгін өзіңізді тыңдайтын, қолдау көрсете алатын жанмен бірге болғаныңыз дұрыс.

Арыстан
Барлық шаруаны ретке келітіріңіз. Бұрын қиын болып көрінген жұмысты да қолға алып, оның тез арада аяқтауға тырысыңыз. «Көз қорқақ, қол батыр» дегенді естен шығармағаныңыз жөн.

Бикеш
Басты мақсаттарыңызға жетуге қолайлы күн. Бүгін тез шешім қабылдай аласыз. Тәуекелге бел буғанды жөн санайсыз. Мақсатқа жетуге деген ынтаңыздың арқасында өз дегеніңізге жетесіз.

Таразы
Бүгінгі күн маңызды да, пайдалаы іспен айналысуға қолайлы болмақ. Кейінге қалдырып жүрген жұмысты да тез орындай аласыз. Бүгін күш-қуатыңыз тасып, өзгелерге де көмектесетін боласыз.

Сарышаян
Жемісті күн. Бұрын бастаған істерді аяқтауға және жіберген қателіктерді түзетуге қолайлы күн. Бүгін ешқайда асықпаңыз, тез шешім қабылдамаңыз. Ескі таныстарыңыздың ақыл-кеңесіне құлақ асыңыз.

Мерген
Күніңізді жақсы өткізу өз қолыңызда. Барлық жұмысты түске дейін бітіріп тастаңыз. Түстен кейін демалып, қызықты іспен айналысасыз. Кешке қарай достармен кездесіп, қонақ боласыз.

Тауешкі
Барлығына үлгеруге болады. Бірақ қайсы жұмыстан бастау керек екенін білмей дал боласыз. Жұмысқа ынта қойғаныңызбен, ойыңызды бөлетіндер көп. Тек табандылық танытыңыз, сонда ғана ісіңіз алға басады.

Суқұйғыш
Таңертеңгілік қиындықтар туындайды. Бұл кезде эмоцияға берілудің қажеті жоқ. Әйтпесе, ашуланып кейін өкінетін сөз айтуыңыз мүмкін. Сондықтан барынша өзіңізді қолға алыңыз.

Балықтар
Жемісті күн. Бүгін ешкім сізге қарсы келе алмайды. Қарсы шыққандардың өзі соңында опық жеп қалатын болады. Жұлдыздар сізді барлық жағынан да қолдайтын болады.
14 ақпан 2020 ж. 116 0

Ұқсас жаңалықтар:

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области