Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Абай 175 жылдығы: Қызылордада қандай мәдени-танымдық шаралар ұйымдастырылады?

Абай 175 жылдығы: Қызылордада қандай мәдени-танымдық шаралар ұйымдастырылады?

Kyzylorda-news.kz. Биыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Қызылорда облысында да мәдени-танымдық шаралар ұйымдастырылады. Жыл бойы өткізілетін іс-шаралар туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Мира Абуова айтты.Ұлы ақынның 175 жылдығына орай өткізілетін шаралар тізіміне тоқталсақ.
-Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» атты Абай өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқу шеберлері мен концерт жүргізушілердің облыстық конкурсы;
-«Қанат жайған руханият» атты көрме;
-Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің «Абай - дана, Абай - дара қазақта» атты Қызылорда қаласындағы жылжымалы көрмесінің ашылуы;
-«Даналыққа құрмет, ерлікке тағзым» республикалық ақындар айтысы;
-Е.Төлеубайдың «Абай» драмасы;
-Абай оқулары;
-«Абай әлемі» кітап фестивалі;
-А.Жұбанов, Л.Хамиди «Абай» операсынан үзінді қою (концерттік нұсқасы);
-«Ұлы дала ырғақтары» атты Абай әндеріне қойылған облыстық би байқауы;
-«Көзімнің қарасы» атты облыстық вокалистер конкурсы;
-«Ұлы халықтың - Ұлы Абайы», «Абай дара, Абай дана қазақта», «Әлемге танылған Абай», «Кемеңгерліктің биік шыңы – Абай», «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе» атты кітап көрмелері мен әдеби кештері;
-Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің «Абайдың ән әлемі» атты концерті өтеді.
10 ақпан 2020 ж. 389 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области