Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ


    Бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы А.С.Мұхимовтың төрағалығымен Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті.
    Отырыс барысында 6 мәселе қаралды.  Алғашқы екі мәселеде Шиелі ауданы әкімінің орынбасары А.Есмахановтың және Шиелі ауданы Жуантөбе ауылдық округінің әкімі Ә.Бегайдаровтың тәртіптік істері қаралды.
    Өз кезегінде, А.Есмахановтың іс-әрекетінде заң бұзушылық байқалмағандықтан, Әдеп жөніндегі кеңес шешімімен қозғалған тәртіптік істі тоқтату туралы шешім қабылданды.
    Ал қысым көрсету арқылы балабақша меңгерушісін жұмыстан шығарғаны үшін Кеңес мүшелері Жуантөбе ауылдық округінің әкімі Ә.Бегайдаровқа «сөгіс» түріндегі тәртіптік шара қолдануды ұсынды.
    Келесі мәселемен облыстық денсаулық сақтау басқармасының конкурстық комиссия мүшелері Ж.Абдусаметовтың, Б.Кеншімбаеваның, Б.Бурамбаеваның, М.Достанованың тәртіптік істері қаралды.
    Бұл орайда, комиссия мүшелері конкурс өткізу талаптарын сақтамай, заң бұзушылықтарға жол бергені үшін Әдеп жөніндегі кеңес шешімімен конкурстық комиссия мүшелеріне «ескерту» түріндегі тәртіптік шара қолдануды ұсынылды.

15 қаңтар 2018 ж. 583 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области