Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Орта Азиядағы халқы ең көп мемлекет

Орта Азиядағы халқы ең көп мемлекет

Kyzylorda-news.kz Орта Азия – Азия құрлығының Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан Республикалары мен Қазақстан жерлерін қамтитын аймақ.

Өзбекстан
Ұлттық киімдегі өзбек қызы
Орталық Азияда орналасқан мемлекет. 1992 жылы 8 желтоқсанда қабылданған конституциясы бойынша – президенттік басқару нысанындағы зайырлы мемлекет. Президент 5 жылға сайланады. Жоғары заң шығарушы органы (Олий Мажлис) – қос палаталы парламент заң шығарушы палата (төменгі палата) және Сенаттан (жоғарғы палата) тұрады. Атқарушы органы – Министрлік Кабинет. Әкімшілігі жағынан бір автономиялық республикаға (қ. Қарақалпақстан) және 12 облысқа бөлінеді. Ел астанасы – Ташкент қаласы. Екінші маңызды қала – Самарқанд.
Жер аумағы – 448 978 км². Әлемде 56-орында тұрады. Халық саны – 33 миллион. Оның ішінде өзбек ұлты – 29 миллион. Қарақалпақтар – 825 мың. Олардан басқа орыстардың 7,4% тәжіктердің 4,7%, қазақтардың 4,1% үлес салмағы бар. Ақша бірілігі – сум. Ресми тілі – өзбек тілі.

Қырғызстан
Ұлттық киімдегі қырғыз қызы
Жер аумағы – 198,5 мың км². Халқы – 6 389 500 адам (2019 жылғы санақ бойынша). Қырғыздар (72,6%), орыстар (6,4%), өзбектер (14,5%), украиндар, татарлар, қазақтар, ұйғырлар, немістер, тәжіктер, дүнгендер, т.б. ұлт өкілдері тұрады.
Астанасы – Бішкек қаласы (624 мың адам). Ресми тілдері – қырғыз және орыс тілдері. Ұлттық мерекесі 31 тамыз – Тәуелсіздік күні. Ақша бірлігі – сом.
Аумақтың аумағы 199 951 км². Ол әлем бойынша 85-ші орынға ие. Әкімшілік-аумақтық 7 ауданға және республикалық маңызы бар 2 қалаға бөлінген.
Тәжікстан
Ұлттық киімдегі тәжік қызы
Орталық Азиядағы мемлекет. Оңтүстігіннде Ауғанстанмен, солүстік мен батысында Өзбекстанмен, солтүстігінде Қырғызстанмен, шығысында Қытаймен шектеседі. Жер аумағы – 143,1 мың км². Халқы – 9 275 827 (2019). Халық саны бойынша әлемде 96 орында тұрады. Халқының 62%-ын тәжіктер, 23%-ын өзбектер, 5%-ын орыстар, қалған 10%-ын түрікмендер, қазақтар, қырғыздар, корейлер, немістер, т.б. құрайды. Астанасы – Душанбе қаласы. Ресми тілі – тәжік тілі. 1994 жылы қабылданған Конституциясы бойынша – президенттік басқару нысанындағы зайырлы мемлекет. Заң шығарушы органы – меджлис. Тәжікстан әкімшілік жағынан 3 облысқа бөлінеді. Ақша бірлігі – сомони.

Түрікменстан
Ұлттық киімдегі түрікмен қызы
Жер көлемі 488,1 мың км² алып жатқан, батыстан шығысқа 1100, солтүстіктен оңтүстікке 650 км созылып жатқан Орталық Азиядағы мемлекет. Халқының саны 6 миллион адамға жуық.
Түрікмен халқының жалпы саны қазір 20 миллионнан артық деген дерек бар. Түрікмендер Ауғанстан, Иран, Түркия, Ирак, Сирия секілді елдерге де жайылған. Елдегі түрікменнен кейінгі көп халық өзбектер, одан кейін орыстар. Қазақтардың саны – 60 мың.

Қазақстан
Ұлттық киімдегі қазақ қызы. Сурет авторы: Ернар Алмабек
Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Бaтысында Еділдің төмeнгі ағысынан, шығысында Алтай тауларына дейін 3000 шақырымға, солтүстіктегі Батыс Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1 600 шақырымға созылып жатыр.
Қазақстан бес мемлекетпен шекаралас. Жалпы құрлық шекарасының ұзындығы — 13392,6 шақырым. 2019 жылдың 1 тамызында елдегі тұрғындар саны – 18 528 900. Халық саны бойынша әлемде 64-орында тұрады. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-орында (2 724 900 км²).
Елдің астанасы — Нұр-Сұлтан қаласы. Мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Ресми тілі — орыс тілі.
Қазақстанның ұлттық құрамы aлуан түрлі. Хaлықтың басым бөлігін тұрғылықты қазақ халқы құрайды, пайыздық үлесі – 66,01%, орыстар – 21,05%, өзбектер – 3,07%, украиндар – 1,70%, ұйғырлар – 1,44%, татарлар – 1,17%, басқа халықтар – 5,56%.

01 ақпан 2020 ж. 66 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области