Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық 57 жастағы тұрғын мас күйінде көлік тізгіндеп, полицейлерден қашып кетпек болды

Қызылордалық 57 жастағы тұрғын мас күйінде көлік тізгіндеп, полицейлерден қашып кетпек болды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада 57 жастағы тұрғын мас күйінде көлік жүргізіп, полицейден қашып кетуге әрекет жасаған.Полиция қызметкерлері «Lada» маркалы автокөлігі жол ережесін бұзып келе жатқанын байқайды. Нәтижесінде ол автокөлік ағыны қозғалысына кедергі келтірген. Полиция оны тәртіпке шақырмақ болады. Сол сәтте ол көлігімен қашып кетуге әрекет жасайды. Көлік жүргізушісі көпке ұзай алған жоқ. Орталық көшелердің бірінде қолға түсті.
Жүргізуші облыс орталығының 57 жастағы тұрғыны болып шықты. Полиция қызметкерлері алкогольді анықтау үшін куәландыруды жүргізу мақсатында наркологиялық орталыққа жеткізді. Жүргізілген сараптама қорытындысы бойынша азамат жеңіл дәрежеде мас болған. Тексеру барысында аталған азамат соттың шешімімен көлік құралын жүргізу құқығынан 3 жылға айырылғаны анықталды. Соған қарамастан автокөлікті алкогольдік масаң күйде қайта басқарған.
«Қазіргі уақытта тәртіп бұзушы Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Онда көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы жағдайы тіркелген. Кінәліге жүргізушіге қатысты автокөлік жүргізу құқығынан өмір бойы айырыла отырып, 5000 АЕК-ге дейін айыппұл (13 255 000 теңге дейін) салуға немесе 5 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
27 қаңтар 2020 ж. 247 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области