Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қытай Қазақстанмен шекараны уақытша жабады: себебі неде?

Қытай Қазақстанмен шекараны уақытша жабады: себебі неде?

Kyzylorda-news.kz. Алдағы аптада Қытай Қазақстанмен арадағы шекарада орналасқан өткізу бекеттерін уақытша жауып тастайды.Қытай халқының Жаңа жыл мейрамын атап өтуіне байланысты көрші ел Қазақстанмен шекараны уақытша жабады.
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында Қытай тарапынан 22 қаңтардан 2 ақпанға дейін шекара жабық болады. Қалған «Нұр жолы», «Қалжат» өткізу пунктері 24 қаңтар мен 26 қаңтар аралығында, үш күнге жабылады», - деп мәлімдеді Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз қызметінен.
Басқа өткізу пунктері бойынша Қытай тарапы әлі ақпарат бермеген.
Биыл Қытайдың Жаңа жылы 25 қаңтарда аталып өтеді.
Шығыс күнтізбесі бойынша Қытай жаңа жылының нақты күні жоқ, сондықтан әр жылда әртүрлі күндері тойланады. Қытайлар Жаңа жылды айға қарап біледі, яғни, жылдың алғашқы айындағы бірінші толған ай түні Қытай халқының Жаңа жылы басталады. Бұл елдегі жаңа жыл он бес күнге созылады.
17 қаңтар 2020 ж. 231 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области