Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Балалардың мүгедектік анықтамасын енді egov.kz порталынан алуға болады

Балалардың мүгедектік анықтамасын енді egov.kz порталынан алуға болады

Kyzylorda-news.kz. Egov.kz порталында 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мүгедектікті растаудың онлайн қызметі қолжетімді, деп хабарлайды «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ баспасөз қызметі. «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ ерекше қажеттілігі бар балалардың ата-аналарына «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ халыққа қызмет көрсеті орталықтарына бармай, 18 жасқа дейінгі баланың мүгедектігі туралы ақпаратты онлайн алуға мүмкіндік берді.
Жаңа қызмет egov.kz электрондық үкімет порталының «Әлеуметтік қамсыздандыру» – «Мүгедектерді қолдау» бөлімінде қолжетімді. Жаңа функцияны ЭЦҚ немесе бір реттік пароль көмегімен пайдалануға болады.
«Бұрын портал арқылы мүгедектікті растайтын құжатты ересектер ғана ала алатын, ал мүгедектігі бар кәмелетке толмаған баланың ата-аналары растау алу үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына баратын. Жаңа қызмет бұл процесті едәуір жеңілдетеді және жеделдетеді», – дейді ЕРДО Мүгедектікті белгілеу және әлеуметтік қызметтерді көрсету бойынша АЖ дамыту және сүйемелдеу департаментінің директоры Серік Тоғызбай.
17 қаңтар 2020 ж. 101 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области