Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Шетелдік көлікті Қазақстанда қалай тіркеуге болады?

Шетелдік көлікті Қазақстанда қалай тіркеуге болады?

Kyzylorda-news.kz. Шетелден әкелінген көлікті Қазақстанда қалай тіркеуге болады? Бұл сұраққа ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Юрий Козлов жауап берді.
«Қазір шетелдік нөмірмен жүретін көліктерге қатысты шудың шығып жатқаны белгілі. Бәлкім, жалған ақпарат тараған болуы керек. Ешқайда шығудың қажеті жоқ. Көлігіңіз болса, қазір келіңіз де, тіркеңіз. Ол үшін Азаматтарға арналған үкіметке жүгініп, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына барыңыз. Көлікті тіркеу үшін техникалық құжат, көлік құралының паспорты, сатып алғаныңызды растайтын құжат пен баждың төленгенін растайтын түбіртек керек. Жаппай жазалау, айыппұл тұрағына тығу жоспарымызда жоқ», - деді Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы.
Юрий Козловтың айтуынша, шетелдік нөмірмен жүретін автокөлік иелеріне кеңес беру сипатында шаралар қабылдануда.
«Азаматтарға тиісті ақпараттық көмектер көрсетіледі. Ары қарай көлік иесінің өзіне байланысты», - деді ол.
Еске сала кетсек, кеше ІІМ қазақстандықтарды шетелдік есепте тұрған көліктерді тіркеуге шақырған болатын.
16 қаңтар 2020 ж. 114 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области