Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 2013 жылы шыққан 1000 теңгелікті қабылдамайтын кәсіпкерлерге айыппұл салынады

2013 жылы шыққан 1000 теңгелікті қабылдамайтын кәсіпкерлерге айыппұл салынады

Kyzylorda-news.kz. Түркі жазуындағы "Күлтегін" ескерткішіне арналған 2013 жылғы 1000 теңгелік банкнот - заңды төлем құралы. Ол барлық төлем түрлерінде қабылдануы керек. Банкноталар тек әбден тозған жағдайда айналымнан алынады, деп хабарлайды zakon.kz. ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Егер кәсіпкерлер мұндай ақшаны қабылдаудан бас тартса, онда оларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 206-бабына сәйкес, ескерту жасалады. Егер жағдай бір жыл ішінде тағы қайталанса, онда 5-тен 25 АЕК көлеміне дейін айыппұл салынады», делінген хабарламада.
Егер бұл ақшаны қабылдаудан бас тартқан біреулер болса, онда Ұлттық банктің өңірлік филиалына хабарласу қажет. Олар қажетті шараларды қолданады.
«Ақшаны алмаған жағдайда мұны видеоға түсіріп, не болмаса Сізден бұл ақшаны қабылдай алмайтынын жазбаша жазып беруін талап етіңіз», - дейді Ұлттық банктегілер.
2020 жылғы есеп бойынша, 1 АЕК - 2 651 теңге.
16 қаңтар 2020 ж. 129 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области