Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 5 қабатты тұрғын үйдің шатырынан өрт шықты (ВИДЕО)

Қызылордада 5 қабатты тұрғын үйдің шатырынан өрт шықты (ВИДЕО)

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы Панфилов көшесі №3 «А» мекенжайдағы 5 қабатты тұрғын үйдің шатырында өрт шықты, деп хабарлайды Қызылорда облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.112 құтқару қызметіне сағат 20:13-де өрт шыққандығы жөнінде хабарлама түседі. Бұл ақпараттан хабардар болған №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы мен жедел кезекші қызметі дереу оқиға болып жатқан жерге жетті.
«Төтенше жағдай болып жатқан жерге жедел жеткен өрт сөндіру қызметінің жеке құрамы барлау жұмыстарын жүргізіп, 5 қабатты тұрғын үйдің төбесінде көлемі 1×1 болатын көрпешенің жанып жатқанын анықтап, аумақты оқшаулады.Сонымен қатар, тұрғын үй төбесінен ес-түссіз масаң күйде жатқан тұрғылықты жері жоқ азаматты тапты. Мас адамды тексеру нәтижесінде, оның 1979 жылғы азамат екендігі анықталды. Өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісінің орынбасары Қиятов Нұрболат табылған адамды қауіпсіз жерге шығарды. Алғашқы көмек көрсетілді. Содан кейін мас адам жедел жәрдем қызметкерлеріне табысталды», - дейді төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Әлия Қайратқызы.
Өрттің шығу себебі - болжаммен темекі қалдығын тастау немесе ашық отты пайдалану.
16 қаңтар 2020 ж. 125 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области