Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Шетелдік көліктерді тіркеу бойынша «Қауырт желі» іске қосылды

Шетелдік көліктерді тіркеу бойынша «Қауырт желі» іске қосылды

Kyzylorda-news.kz. ҚР Ішкі істер министрлігі Қазақстан азаматтарының шетелдерден сатып алған және еліміздің аумағына әкелген автокөліктерін тіркеу мәселелерін түсіндіру үшін «қауырт желі» телефон желісін іске қосты.Аталған министрлік мәліметінше, Әкімшілік полиция комитетінің қызметкерлері қазақстандықтарға 8 (7172) 71 58 21, 71 58 39, 71 58 04, 71 58 06, 71 58 62 (демалыс күндерін қоспағанда түскі үзіліссіз 09:00-ден 19:00-ге дейін) телефондары бойынша кеңес беруге дайын.
Сонымен бірге, 17-18 қаңтарда еліміздегі барлық өңірлік полиция бөліністері кезекті республикалық «Жолда қабылдау» акциясын өткізеді. Азаматтарды мобильді жедел қабылдау пункттерінде ішкі істер органдарының мамандары әрбір адамның жеке жағдайына байланысты тіркеу тәртібін нақты түсіндіреді. Осындай кеңестерді полицияның фронт-кеңселерінен алуға болады.
«Жолда қабылдау» акциясы аясында және полиция фронт-кеңселерінде айыппұлдар туралы ақпараттар алуға, полиция көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы білуге болады. Өздерінің кезек күттірмес сұрақтарын шешу үшін ешқандай бюрократтық кедергілерсіз тікелей әкімшілік, көші-қон және жергілікті полиция басшыларына жүгіне алады.
«Жолда қабылдау» акциясы өткізілетін орындардың мекенжайларын өңірлік Полиция департаменттерінің сайттарынан білуге болады.
16 қаңтар 2020 ж. 107 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области