Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қала әкімі отставкаға кетті

Қала әкімі отставкаға кетті

Kyzylorda-news.kz. Қызметінен өз еркімен кеткен шаһар басшысы әріптестеріне ризашылығын білдірді.
Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлы өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды Атырау әкімдігінің баспасөз қызметі.
"14 қаңтар күні қалалық әкімдіктің мәжіліс залында өткен жиында Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлы әріпестеріне ризашылығын білдіріп, өз еркімен қызметінен кететінін мәлімдеді", - делінген хабарламада.
Құттымұратұлы өзіне қолдау көрсеткен атыраулықтарға алғысын айтты.
"Біз қызметімізде әрқашан халықтың мүддесі мен ел және аймақ басшылығының нұсқауын басшылыққа алдық. Мен қаламызды үнемі уайымдаймын және оның өркендегенін қалаймын. Ал сіздердің табыстарыңыз бен жетістіктеріңізге шын жүректен қуанамын!", - деп жазды ол фейсбуктегі парақшасында.
Құттымұратұлының отставкаға кетуіне байланысты Атырау қаласы әкімінің уақытша міндетін орынбасары Ринат Жанғылышов атқарады.
Әлимұхаммед Құттымұратұлы Атырау қаласының әкімі болып 2018 жылдың 28 маусымында тағайындалған болатын.
14 қаңтар 2020 ж. 40 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области