Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ


    Сырдария ауданы әкімдігінің мәжіліс залында облыс әкімінің төрағалығымен өткен мәжілістің хатттамалық тапсырмасына сәйкес облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының ұйымдастыруымен әдістемелік семинар өтті,- деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
     Әдістемелік семинарға кент және ауылдық округ әкімі аппаратының, дербес бөлімдердің заңгерлері, мемлекеттік сатып алу жұмыстарымен айналысатын мамандары, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.
    Әдістемелік семинарды аудан әкімінің орынбасары Е.Ахетов ашып, жүргізіп отырды. Мемлекеттік сатып алу жұмыстарының жүргізілу барысы туралы кеңінен айтып өткен аудан әкімінің орынбасары алда тұрған мақсат-міндеттерді атап өтті. Сонымен бірге, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының тауарларды мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы О.Ержанов баяндама жасап, арнайы әзірленген слайдты көрсетті. Мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізудегі өзгерістер қағаз айналымын азайтатынын және еңбек өнімділігін арттыратынын жеткізді. Құқықтың кеңестер беріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

12 қаңтар 2018 ж. 374 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области