Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Парламент Мәжілісінің депутаты Қызылордадағы түзету мекемесінің жұмысымен танысты

Парламент Мәжілісінің депутаты Қызылордадағы түзету мекемесінің жұмысымен танысты

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында орналасқан ЗК-169/5 қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне Қазақстан Ресупубликасы Парламент Мәжілісінің депутаты Балайым Кесебаева, «Нұр Отан» партиясы филиалының өкілі Базар Танбаева келді.
Жұмыс сапардың мақсаты Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсанындағы «Қылмыстық, қылмыстық- процестік және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №292-VІ ҚР Заңы қабылдануына байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізу және осы жаңадан қабылданған Заңның орындалу барысы мен мекемедегі сотталған азаматтардың ұсталу жағдайы, құқықтарының қорғалуы, сотталғандарға көрсетілетін медициналық, психологиялық, әлеуметтік көмектер және жұмыспен қамтылуы.
Халық қалаулысы мекеменің тұрғын аймақтарын, санитарлық бөлікті, тамақтану орындарын, сонымен қатар, өндіріс аймағымен танысты.
Одан соң мекеменің мәжіліс залында департаменттің бас мамандары мен мекеме қызметкерлеріне осы Заңмен ҚР Қылмыстық кодексінің, Қылмыстық- атқару кодексінің, Қылмыстық- процестік кодексі, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің өзгертілген баптары бойынша түсіндірме беріп, қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

14 қаңтар 2020 ж. 137 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области