Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Bek Air басшысы: Екінші ұшқыш қателік жіберді

Bek Air басшысы: Екінші ұшқыш қателік жіберді

Kyzylorda-news.kz. «Аманат» сақтандыру компаниясы Алматы маңындағы ұшақ апатынан қайтыс болған үш отбасына жерлеу шығындарын 100 АЕК мөлшерінде төледі - бұл 265 мың теңгеден сәл астам. Қайғылы оқиғадан 17 күн өтті. «Фоккер-100» апатының себебі туралы әлі де көптеген сұрақтар бар.
Мән-жайды «Бек Эйр» компаниясының басшысы Нұрлан Жұмасұлтановтан сұрауды жөн көрдік, деп хабарлайды Stan.kz.
Бұған дейін Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр екі ұшқыштың апат кезіндегі диалогін хабарлаған болатын. Онда бір ұшқыштың қателік жасағанын байқауға болады. Бұған Нұрлан Жұмасұлтановтың пікірі қандай?
"Ұшақ әуеге көтерілген соң дірілдей бастады. Ұшқыштың бірі "Не болып жатыр?" деп сұрады. Екіншісі "қозғалтқыш" деп жауап берді. Мұнда бір ұшқыштың қателікке жол бергенін байқауға болады. Иә, ол жұмыс қозғалтқыштың режимін азайтып жаңсақтыққа жол берді", - деді компания басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр ұшқыштардың келіссөздерінің жазбасына сілтеме жасай отырып, тергеудің негізгі нұсқасын айтқан болатын. Оның айтуынша, Фоккердің апатқа ұшырауы ұшақтың мұздауы салдарынан болуы мүмкін.
14 қаңтар 2020 ж. 111 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области