Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда жаңадан денсаулық сақтау кодексі қабылданады

Қазақстанда жаңадан денсаулық сақтау кодексі қабылданады

Kyzylorda-news.kz. Осы жылдың соңына дейін елімізде жаңадан денсаулық сақтау кодексі қабылданады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қазар заң жобасын Парламент Мәжілісіндегі жұмыс тобы талқылап жатыр. Жаңа кодекс қабылданса, денсаулық саласында бірқатар оңды өзгеріс болады. Әсіресе медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеруге арналған баптар енгізіледі. Парламент Мәжілісінің депудаттары Өскемендегі «Ана мен бала» орталығы ұжымымен кездескенде, осы кодекс туралы айтып берді. Әлеуметтік саланы әлдендіруге байланысты жоғарғы заң шығару органының атқарып жатқан жұмысына тоқталды. Әсіресе биылдан бастап күшіне енген міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыруға қатысты сауалдарға да жауап берді. Ауылды жерлердегі емханалардың материалдық базасын нығайтып, дәрігер мамандарды дайындаудағы ерекшеліктерге тоқталды.
«Мұның барлығы дәрігерлердің істеп жатқан жұмыстары сапалы болу үшін. Және білім алған кезде академиялық бостандық беріледі. Соған байланысты практика көбірек болу керек. Дәрігерлерге клиникалық тәжірибе қажет. Сол мәселені қарастырып жатырмыз», - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанат Омарбекова.
14 қаңтар 2020 ж. 69 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области