Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Кемеңгерліктің биік шыңы – Абай

Кемеңгерліктің биік шыңы – Абай

Қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай жарық көрген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы тың ойларды көтерген. Президент мақалада Абайды Қазақстанның бренді ретінде әлем жұртшылығына кеңінен таныстыру қажет екендігін атап өтті.
Қазақ халқы ұлы ақынның мұрасы арқылы толысып өсті, Абайдың дана ойлары қазақ елінің арқасында айдай әлемге таралды. Ақынның шығармалары барлық бояуын сақтай отырып, он тілге аударылады.
Ұлы Абай шығармаларынан қазақ баласының салауатты тәрбие алып, ұлттық өсіп-өнуіне қажетті көптеген өсиет сөздерді табуға болады. Оның шығармалары мен қара сөздері қазақ халқын ғана емес, жалпы адамзат баласын екі ғасырдан бері рухани құндылықтарға жетелеуде.
Мемлекет басшысы халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін атқарылатын маңызды жұмыстарды да атап көрсеткен. Биылғы жылы Абайдың 175 жылдығына орай халықаралық, республикалық және аймақтық деңгейде 500-ден астам іс-шара ұйымдастырылады.
Қызылорда облыс кітапханаларында Абайдың 175 жылдығына орай көптеген шараларды ұйымдастыру жоспарланып отыр. Биыл республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында М.Әуезовтың «Абай жолы» романы жалпы ұлттық оқуға ұсынылды. Кітапханаларда «Кемеңгерліктің биік шыңы – Абай» кітап көрмесі, «Құлақтан кіріп, бойды алар...» әдеби сазды кеш, «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе» поэзия кеші, «Адамзаттың шамшырағы – Абай» Абай оқулары т.б. мәдени шаралар ұйымдастырылады.
Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қаңтар айында «Кемеңгерліктің биік шыңы – Абай» атты кең көлемді кітап көрмесінің ашылуы өтеді. Кітап көрмесінің мақсаты – тереңдеп таныған сайын жаңа қырларымен, өзгеше сипатымен ашыла түсетін ақын поэзиясын зерделеп оқуға, ұлы ақынның сан салалы ақыл-ойын, өнер өрісін жүйелеп тануға ықпал ету, насихаттау. Кітап көрмесі «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Әлем классиктері – Абай аудармаларында», «Абайдың философиялық дүниетанымы», «Үңілсең көзің жете ме, теңізден терең сыры бар...» атты бөлімдерден тұрады. Көрмеге ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған басылымдар оқырдардың назарына ұсынылатын болады.

Нұржамал МЫРЗАМҰРАТОВА,
Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры
09 қаңтар 2020 ж. 483 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области