Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Синоптиктер қаңтар айында ауа райы қандай болатынын айтты

Синоптиктер қаңтар айында ауа райы қандай болатынын айтты

Kyzylorda-news.kz. Қаңтар айында ауа райы қандай болатыны белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Болжамға сәйкес, қаңтар айының бірінші онкүндігінде республика аумағының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды, тұман және көктайғақ, солтүстік бөлігінде бұрқасын, екпінді жел болады.
Бірінші онкүндіктің ортасында күн суытады, батыста ауа температурасы түнде 5...15, солтүстікте 10...25 градус аязға дейін төмендейді, оңтүстікте онкүндіктің соңында 3...11 градус аяз болады.
Екінші және үшінші онкүндікте те суық күндер болады деп болжанып отыр, ауа температурасының едәуір төмендеуі айдың үшінші онкүндігінде күтіледі. Солтүстікте түнде 20...25, кей жерлерде 30, күндіз 15...20, кей жерлерде 10 градус аяз, оңтүстікте түнде 17...22, кей жерлерде 12, күндіз 10...15, кей жерлерде 5 градус аяз болады.
Жалпы, қаңтар айының орташа ауа температурасы нормадан 1°С жоғары, тек республиканың батыс, солтүстік және шығыс өңірлерінің кей жерлерінде қалыпты шамада болжанған.
Жауын-шашын мөлшері еліміздің солтүстік-шығыс бөлігінде нормадан аз, оңтүстік және оңтүстік-шығыс, шығыс өңірлерінің таулы жерлерінде нормадан көп, ал қалған аймақтарда климаттық норма шамасында болады.
31 желтоқсан 2019 ж. 259 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области