Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Облыстық ҚХА активінің қорытынды басқосуы өтті

Облыстық ҚХА активінің қорытынды басқосуы өтті

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада  облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы активінің қорытынды басқосуы өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов қатысты.Қатысушылар Достық үйінің фойесінде әзірленген «Анамның бейнесі» тақырыбында фото байқау суреттерінің көрмесімен танысты.
Актив отырысы басталмас бұрын қатысушылар Алматы маңында ұшақ апатынан орын алған қайғылы оқиғаға ортақтасып, 1 минут үнсіздік жариялады.
Активте облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләйлә Бегалықызы жыл бойы атқарылған іс-шараларды қорытындылап, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Басқосу аясында облыстық «Славяне» қоғамдық-мəдени орталығының жетекшісі Галина Щербакова, облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі Бақыткүл Мұсаева, Қорқыт ата атындағы ҚМУ «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі Айтжан Оразбақов, облыстық ҚХА жанындағы ҒСТ мүшесі, Қызылорда қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Нұркен Әбдіжәлиев, «Қоғамдық келісім» КММ сарапшысы Светлана Крюгер сөз сөйлеп, пікір алмасты.
Облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов сөз алып, мерейтой жылындағы ауқымды жұмыстарға сәттілік тіледі.
Активте бірлік пен татулықты берік етіп, рухани жаңғыру жолында аянбай еңбек еткен жандарға Қазақстан халқы Ассамблеясының марапаттары берілді.
Облыс әкімі орынбасарының алғыс хатымен этномәдени бірлестіктермен облыстық ассамблея құрылымдарының белсенді мүшелері марапатталды.
Басқосу соңында «Анамның бейнесі» тақырыбындағы фото байқаудың жеңімпаздары анықталып, үздік фото иелеріне жүлделі орындар табысталды.


30 желтоқсан 2019 ж. 215 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области