Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДА ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ


    М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжіне жаңа басшы тағайындалды. Аймақтағы іргелі оқу орнын енді Сайлыбаев Бақытжан Әбдіқалықұлы  басқаратын болды. Бұл туралы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.
    Б.Сайлыбаев 1955 жылы туған. Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтын - математика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Педагогика ғылымдарының докторы, академиялық профессор.
    Еңбек жолын 1976 жылы орта мектеп мұғалімі ретінде бастаған. 1981-1993 жылдары - Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтының оқытушысы, аға оқытушысы, 1993-2011 жылдары - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, оқу-әдістемелік басқармасының бастығы, оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры, бірінші проректоры, 2011-2012 жылдары - Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің бірінші проректоры қызметтерін атқарған.
    2013-2015 жылдар аралығында Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының орынбасары, 2015 жылдың ақпан айынан бастап Қызылорда облысы білім басқармасының басшысы қызметін атқарған.

08 қаңтар 2018 ж. 876 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области